Карта адамдар шоғырланған жерді анықтайды да, мониторингтік топ қауіпті нүктенің қай жерде екенін көре алады.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантиндік талаптарын сақтамай, заң бұзатындармен енді жаңа әдіс бойынша күресетіндерін жеткізді, деп жазады Paryz.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша Қазақстанда жылу картасы деп аталатын жаңа технология енгізілуде.
"Жылу картасын қолданудың түк қиындығы жоқ. Ол былай жұмыс істейтін болады: карта адамдар шоғырланған жерді анықтайды да, мониторингтік топ қауіпті нүктенің қай жерде екенін көре алады. Оны анықтау ұялы телефон арқылы жүзеге асырылады. Яғни бәрін ұялы телефон арқылы көруге болады. Осындай жолмен қай жерде жиын-тойлардың өтіп жатқанын білетін боламыз",-деді Алексей Цой.
Бүгінде жоба пилоттық режимде Алматы қаласында енгізіліпті. Алдағы уақытта аталған жүйе еліміздің басқа да аймақтарына енгізіледі деп жоспарланып отыр.