Әкімнің айтуынша, мектеп шатыры құлаған уақытта ғимаратта мұғалімдер мен мектеп оқушылары болмаған.
Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылындағы орта мектептің шатырын жел ұшырып әкетті. Сүйіндік ауылының әкімі Қанат Құлшаров төтенше жағдайдың 7 сәуір сағат 17:30-да болғанын айтты.
Әкімнің айтуынша, мектеп шатыры құлаған уақытта ғимаратта мұғалімдер мен мектеп оқушылары болмаған. Алайда6 бейнежазбадан шатыр құлағаннан кейін бірнеше секундтан соң ауладан шыққан балаларды көруге болады.
«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, Сүйіндік ауылындағы мектеп 1984 жылы салынған. 2014 жылы «Бек и Ко» ЖШС бұл жерді 53,8 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткізген.