Шымкентте Тұрар Рысқұлов ескерткішіне маска тағып жүрген кімдер?

Коронавирус инфекциясымен осылай күресуді шешкендердің масканы 4 метр ескерткішке қалай таққандары да сұрақ тудырады...

Шымкентте Тұрар Рысқұлов ескерткішіне маска тағып жүрген кімдер?
фото: дереккөз

Шымкентте Жібек жолы көшесінде тұрған көрнекті саяси қайраткер Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне белгісіз біреулер маска тағып кетті, деп хабарлады paryz.kz, Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ескерткішке медициналық масканы тағуға кімнің ақылы жеткені беймәлім. Рысқұлов мүсінінің биіктігі - тұғырын есептемегеннің өзінде 4,5 метр. Ол - қаладағы ең биік мүсіндердің бірі. Коронавирус инфекциясымен осылай күресуді шешкендердің масканы 4 метр ескерткішке қалай таққандары да сұрақ тудырады.