Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Нұр-Сұлтанда қазақша сөйлеуді талап еткен қарияны дүкен күзетшісі итеріп жіберді

Қазақша қызмет көрсетуін сұрағанында күзетші "арандатушысың" деп итеріп жібергендіктен, ызаланып телефонының камерасын қосып, жағдайды видеоға түсіре бастаған...

Нұр-Сұлтанда қазақша сөйлеуді талап еткен қарияны дүкен күзетшісі итеріп жіберді
Дереккөз: qamshy.kz

Нұр-Сұлтанда "Тіл майданы" қозғалысының өкілдері дүкендердің бірінде қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен қарияны күзетші "арандатушысың" деп итеріп жібергенін мәлімдеді. Бұл туралы Paryz.kz qamshy.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Видеодан қарияның "мен қашан мына жерде мемлекеттік тілде қызмет аламын, айтыңызшы? Сіз неге мені қуасыз? Қазақстанда қазақша сөйлеуге болмай ма?", "Мені күзетші арандатушысың деп итеріп жіберді, өзі бір сөз (қазақша - ред) білмейді, мына жерде қалай жұмыс істейді, мені неге итереді?" деген ашынған даусы естіледі.

Қария дүкенге сүт сатып алуға кірген. Қазақша қызмет көрсетуін сұрағанында күзетші "арандатушысың" деп итеріп жібергендіктен, ызаланып телефонының камерасын қосып, жағдайды видеоға түсіре бастаған.

Айта кетерлігі, қозғалыс қазақша қызмет көрсетпеген мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдарды, кәсіпкерлік нысандарды сотқа беріп, жәбірленушілердің құқығын қорғаумен айналысады.