Ат мінген атыраулық генерал су жаңа қызметке тағайындалды

Еске сала кетсек, желіде Атырау облыстық Полиция департаментінің басшысына қатысты видео тараған еді. Одан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, Аян Дүйсембаев қызметінен босаған болатын...

Ат мінген атыраулық генерал су жаңа қызметке тағайындалды
Дереккөз: stan.kz

Атырау облыстық Полиция департаментінің басшысы қызметін атқарған Аян Дүйсембаев атқа мінген суретімен желіде танылып, кейін осы жанжалға қатысты қызметінен кеткен болатын. Бүгін атышулы генералдың қайта жаңа қызметке тағайындалғаны белгілі болды. Ол Төтенше жағдайлар министрлігіне қызметке тұрған, деп жазады Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, Аян Дүйсембаевтың жаңа қызметке тағайындалғаны туралы бұйрық шығып қойған екен.

"Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Дүйсембаев Аян Сәбитұлы өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, желіде Атырау облыстық Полиция департаментінің басшысына қатысты видео тараған еді. Одан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, Аян Дүйсембаев қызметінен босаған болатын.