Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Белгілі журналист вакцина салғызуға мәжбүрлеген аурухана басшысының былығын жайып салды

Белгілі журналист вакцина салғызуға мәжбүрлеген аурухана басшысының былығын жайып салды
Дереккөз: vkurse.kz

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы мансабын пайдаланып, аурухана дәрігерлеріне вакцинаны мәжбүрлі түрде салғызып жатқан аурухана басшысының былықтарын әшкерелерді, деп хабарлады Paryz.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Ол Алматыдағы Каблукова ауруханасының басшысы Искакова Данипа Төлепбергенқызының қызметтен кетуін талап еткен.

"Алматыдағы әйгілі Каблукова ауруханасының бастығы Искакова Данипа Төлепбергеновнаның өз қызметін асыра пайдаланып, вакцина арқылы қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіргенінің тағы бір дәлелі скрин-суретте. Директордың, бастықтың әр айтқанын құрандай қабылдап, қой сияқты айдағанға көніп жүре беретін қазақ, өз құқықтарыңның бар екенін қашан түсінесіңдер??? Ешкі де бауыздарда қарсылық көрсетіп бір бақырады ғой....",-деп жазды ол.

Сонымен бірге журналист тағы бір постында мынадай сұмдықты жариялады:

"Алматыдағы әйгілі Каблукова ауруханасының - "Демеу" орталығының директоры Искакова Данипа Төлепбергеновна!!! Сендер адамдарға демеу емес, тажал орталығы емессіңдер ме??? Сендер кеше жексенбі болса да, қызметкерлеріңді бір автобус қып, вакцина салдыруға міндеттеп, апарып салдырыпсыңдар. "Вакцина алғаннан кейін физ.нагрузка болмайды, үш күн демалыс болу керек" деген дәрігерлердің сөзін қыстырмай, апарып жұмысқа салыпсыңдар!

Гестапо шығарсыңдар сендер? Жексенбі күні есігін айқара ашып вакцина салған қай емхана екен? Санитарка боп жұмыс істейтін жеңгем Қатира Абединоваға кеше вакцина салдырып, жұмыста түнімен жағдайы қиындағанда неге жедел жәрдем шақыртпағансыңдар? АД 50, температура 39° болса да, таңертеңнен бері де жедел жәрдем шақырмапсыңдар, "бізге зияны тиеді" деп.

Сендерге қандай зияны тиеді? Сендер зиянкессіңдер! Вакцина салуды міндеттегендеріңмен қоймай, денсаулық сақтау мекемесі бола тұра, өз қызметкерлеріңнің өміріне қауіп төндіріп, дер кезінде медициналық көмек көрсетпей, жедел жәрдем шақырмағандарың - қылмыс! "Анаңды үйге алып кет" деп қыздарына хабарласқанда қандай қылмыстарыңды жасырғыларың келді???",- деп жазды ол.