Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина адамдарға жаппай сынала басталды

Клиникалық зерттеулер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" РМК және "Сentre for Clinical Medicine and Research" ЖШС-де өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді.

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина адамдарға жаппай сынала басталды
сурет: informburo.kz

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу басталды.

"Вакцинаны клиникалық зерттеу 18-50 жас аралығындағы дені сау ересек еріктілер арасында жүргізіледі. Вакцинаның қауіпсіздігін анықтауға бағытталған зерттеудің I фазасына коронавируспен ауырмаған және антиденелері жоқ 44 ерікті қатысады. Иммуногенділікті зерттеуге бағытталған екінші фазада 200 еріктінің қатысуы жоспарланып отыр", делінген хабарламада.

БҚПҒЗИ-ға клиникалық зерттеулерге қатысуға ниет білдірген еріктілерден 688 өтініш келіп түскен. Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов cенім білдіргендерге алғыс айтты. Клиникалық зерттеулер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" РМК және "Сentre for Clinical Medicine and Research" ЖШС-де өтеді.