Үйдегі жиынға тек бір отбасы мүшелері ғана қатыса алады
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада діни нысандардың жұмысына тыйым салыну себебін түсіндірді деп жазады Paryz.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
Ол Брифинг уақытында Рамазан айы қарсаңында қала тұрғындарына үндеу жасады.
"Бұған дейін діни нысандарға жеке келуге рұқсат берген едік. Енді керісінше талап қатаңдайды. Себебі бұл жерде ауру жұқтыру қаупі жоғары. Басқа елдерде діни нысандар арқылы науқастар көбейген болатын. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында алматылықтарға үндеу жасап отырмыз. Естеріңізде болса, өткен жылы ауызашар кезінде науқастар саны артты. Сол себепті біздің отандастар ұжымдық іс-шара өткізуді азайту туралы ұсынысымызды ескерсе екен дейміз. Үйдегі жиынға тек бір отбасы мүшелері ғана қатыса алады", - деді Бекшин.
Айтуынша, жағдай тұрақталғанша қалада діни нысандар жабық болады.