05.04.2021, 15:31

Ақтөбелік полицей туған немересі қуып шыққан кейуананы енді ұлымен табыстырды

Дереккөз: stan.kz

Людмила Шевченко мен ұлы Владислав Шевченко бір-бірін 20 жыл бойы көрмеген.

Ақтөбелік Дастан Сұлтанғалиев туған немересі қуып шыққан Людмила Шевченконы үйіне паналатып қана қоймай, оған ұлын да тауып берді. Бұл туралы Paryz.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өкініштісі Людмила Шевченко мен ұлы Владислав Шевченко бір-бірін 20 жыл бойы көрмеген. Кейуана оны соңғы рет туыстарының үйінде көрген.

"1 жасқа толған кезінде енеме тастап кеттім. Өзім Атөбеге орнықтым. Медбике болдым. Ол кездері байланыс та нашар, қазіргідей телефон жоқ. Ұшақпен қатынауға қаражат жоқ. Қанша жылдан кейін ұлыммен табысқаныма қуаныштымын. Көргенде, кешірім сұрап, табанынан сүйемін дейтін едім. Сол күнге жеткеніме ризамын", - дейді Людмила Шевченко.

Владислав анасына ренжімейтінін жеткізді. Оның айтуынша ол анасын кешірген екен.

"Қазір жатақханада тұрамын. Жиһаз жасаумен айналысатын басшым тауып берді. Анамды қолыма аламын. Далада тастамаймын, қарттар үйіне жібермеймін. Қандай жағдай болмасын, қасымда болады", -дейді ол.

Естеріңізде болса осыдан біраз уақыт бұрын ақтөбелік полицей Дастан Сұлтанғалиевтің туған немересі үйінен қуып шыққан Людмила Шевченконы қолға алғаны туралы хабарлаған едік. Бір бөлмелі пәтерде 4 баласы және жарымен тұратын полицей әжейді өз қолына алған болатын.  

"Ол кісі айтқан 10 жаста балам болған, оны жолдасымның мамасына тастап кеттім, Ростов на Донуға, ол кезде бала ауырған. Содан көрген жоқпын деген. Владиславты тауып, әжемен кездестіріп жатырмын»,-дейді ол.

Людмила Шевченко Дастанды ұлы деп есептеп, өзін қазір Сұлтанғалиевтар отбасының бір мүшесі санайды.

"Дастан керемет адам! Жұбайы Алмагүл де әже, қарның ашып қалмады ма деп, бәйек болады. Жарты жыл болды олармен бірге тұрып жатқаныма. Алғыстан басқа айтарым жоқ", - дейді ол.