Көлік жүргізушісі қазіргі таңда түрлі дене жарақатымен Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілген.
Қайтыс болғандардың барлығы бір отбасының мүшелері, деп хабарлады Paryz.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, көлік жүргізушісі қазіргі таңда түрлі дене жарақатымен Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілген
Сондай-ақ қайтыс болғандардың барлығы – бір отбасының мүшесі және олардың біреуі бала екені белгілі болды. Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оқиға 3 сәуір сағат 20:30 шамасында Самара – Шымкент тас жолы бойында орын алған.
Шымкент тұрғыны "Tayota Camry 50" маркалы көлігімен Түркістаннан Шымкентке қарай келе жатқанда жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кеткен.
"Жол апаты салдарынан ерлі-зайыптылар мен бір жасөспірім, яғни олардың немересі қайтыс болды. Ал көліктің жүргізушісі түрлі жарақатпен Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Ол қаза болған ерлі-зайыптының күйеу баласы", – дейді жергілікті полиция өкілдері.
Аталған жағдай Ордабасы аудандық полиция бөлімі қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.