Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстанда 3 миллионнан астам азаматтың жеке мәліметі желіге тарап кетті

Басылымның мәліметінше желі қолданушыларының телефон номері, электронды поштасы, туған күні мен жері, жұмыс орны сияқты маңызды деректер жалпыға қолжетімді интернет желісіне тарап кеткен.

Қазақстанда 3 миллионнан астам азаматтың жеке мәліметі желіге тарап кетті
Дереккөз: dw.com

Қазақстанда "Facebook" әлеуметтік желісіне тіркелген 3 миллионнан астам қазақстандықтың жеке мәліметтері желіге тарап кетті, деп хабарлады Adyrna.kz KZ-CERT компьютерлік оқиғаларға әрекет ету қызметіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше желі қолданушыларының телефон номері, электронды поштасы, туған күні мен жері, жұмыс орны сияқты маңызды деректер жалпыға қолжетімді интернет желісіне тарап кеткен. Осыған орай, аталған мекеме ел азаматтарын әлеуметтік желіде барынша сақ болуға шақырады.

 "Өйткені ашық желіде жатқан ақпаратты алаяқтар өзінің арам ниетін іске асыру үшін қолдануы мүмкін", – дейді олар.

Еске салсақ, бұған дейін 106 елдегі жарты миллиард Facebook қолданушысының жеке деректері интернетке тарап кеткені жайлы хабар тараған еді.