Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Талғарлық азамат құқық қорғаушыларға әйелінің заңсыз айлық алып жүргенін жеткізді

Ол әйелінің бұл әрекетіне тыйым салыпты. Тіпті, әйеліне полицияға барып, өз кінәсін мойындауды талап еткен...

Талғарлық азамат құқық қорғаушыларға әйелінің заңсыз айлық алып жүргенін жеткізді
фото: astanatv.kz

Талғар тұрғыны Тимур Балыкчин әйелінің үлкен көлемдегі қаржыны қолма-қол ақшаға заңсыз айналдырып алғанын көріп, күдіктеніп қалған. Содан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне хабарласып, келіншегіне әділ жазасын беруін сұрапты, деп хабрлады paryz.kz.

Ол өз арының алдында бұл фактіні жасырып, үнсіз қалуды дұрыс көрмеген. Оның айтуынша, осыдан 4 жыл бұрын тұңғышы дүниеге келеді. Сол кезде келіншегі жұмыстан декреттік демалысқа шығады. Демалыста болса да, оның зейнетақы шотына тұрақты ақша түсіп отырған.

"Сөйтсем, әйелім есепшотына ақша түсіп тұрсын деп, жұмыстағы бастығы мен есепшімен алдын-ала келісіп алыпты. Үйде отырса да, жұмыс істегеннің есебінде айлығы жүре береді. Бірақ төлем картасы жұмыстағы қызметкерлерде болған", - дейді Тимур.

Сөйтіп ер адам олардың әйелі арқылы жалақыны қолма-қол ақшаға заңсыз айналдырып отырғанын түсінген. Ол әйелінің бұл әрекетіне тыйым салыпты. Тіпті, әйеліне полицияға барып, өз кінәсін мойындауды талап еткен.

"Қазір ол бұл ісін тоқтатты. Тіпті, зейнетақы жарнасына аударылған ақшаны қайтарып алуын да талап еттік. Алайда келіншегім ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабы негізінде кінәсін мойындап, полицияға барғысы жоқ. Өзі бармаса, өзім айтып беретінімді айтып, оған алдын-ала ескерткем", - дейді ол.

Ер адам әйелінің құқық бұзғанын егжей-тегжейлі сипаттап, әртүрлі инстанцияларға шағымданды. Соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі де бар. Ал олар оның шағымын Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберді. Егер қылмыстық жауапкершілікке әкелетін заң бұзушылықтар анықталса, апелляциялық шағым бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі.⠀

Тимур әйелімен қазіргі арақатынасы жайында сөз қозғағысы келмейді. Алайда қазір ерлі-зайыпты екі бөлек тұрып жатыр.