"Қазіргі жағдайда пай иелері сотқа шағымдана алмайды. Себебі бұл тұрғыда олардың құқығы қорғалмаған, ондай норма жоқ. Сондықтан осы норманы 65-бапқа енгізу керек", - дейді ол.
Елімізде әділдік іздеп жүрген пай иелері, яғни шартты жер үлесі иелері бар. Олар пайларын ЖШС-ларға беріп тастаған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы комиссиясының отырысында заңгер Бақытжан Базарбек айтты, деп хабарлады paryz.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Елімізде әділдік іздеп жүрген пай иелері, яғни шартты жер үлесі иелері бар. Олар 2004 жылы өздерінің пайларын ЖШС-ларға беріп тастаған. ЖШС басшылары 1-2 жыл оларға дивиденд беріп, ары қарай беруді ұмытып кеткен. Шартты жер үлесі иелері амалсыздан сотқа, прокуратураға, әкімдіктерге шағымданып жүр", - дейді "Bazarbek&Partners" заң компаниясының бас директоры Базарбек Жұмабекұлы.
Ол бұл мәселені шешу жолын айтты.
"Бұл мәселені бір ғана әдіспен шешуге болады: Жер кодексінің 65-бабында жер пайдаланушыларының міндеттемелері жазылған. Ол міндеттеме бойынша барлық пай иелерінің жерлері ЖШС басшылығының атына рәсімделеді. Жер кодексінің 65-бабында жер пайдаланушылары міндеттемелерінің қатарына пай иелерімен бекіткен келісімшартты орындау керектігі туралы талапты енгізсек, ЖШС басшылары дивиденд беруден жалтарған жағдайда пай иелері сотқа шағымдануға құқылы болады. Қазіргі жағдайда пай иелері сотқа шағымдана алмайды. Себебі бұл тұрғыда олардың құқығы қорғалмаған, ондай норма жоқ. Сондықтан осы норманы 65-бапқа енгізу керек", - дейді ол.