Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкентте халықты алдаған емхана өкілдеріне қатысты сот үкімі шықты

Шетелдік азаматқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал клиникада жауапты қызмет атқарған үш адамның бірі 6 жарым, тағы екеуі 5 жарым жылға сотталды.

Шымкентте халықты алдаған емхана өкілдеріне қатысты сот үкімі шықты
mail.kz

Шымкентте халықты алдап, қабылдау жүргізген емхана қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Басты фигурант, қамауда отырған ресейлік азамат үкімді онлайн естіді. Сотта келтірілген деректерге сүйенсек, табыс табудың жолы алдын ала ойластырылған. Соған сәйкес, жалған медициналық клиникалар желісі пайда болған. Шетелдік азаматқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал клиникада жауапты қызмет атқарған үш адамның бірі 6 жарым, тағы екеуі 5 жарым жылға сотталды.

Мыңдаған адамды тақырға отырғызғандардың ісі 9 ай қаралды. Кеткен шығынды өндіру туралы арыз бергендердің саны 600-ден асады. Алданған халықтың әділет іздеп жүргендеріне бір жарым жылдан асыпты. Көбі ақысыз түрде диагностика жасап, сырқатыңнан сауықтырып беремін деген емдеу мекемесі өкілдерінің жарнамасына сенген. Тіпті қаржысы болмағандарға шұғыл түрде несие алып беріп көмектескен көрінеді.

Сан соғып қалғандардың дені 250 мыңнан 500 мың теңгеге дейін қарызданып қалған. Жәбірленушілердің көптігі сонша, сот процесіне қатысуға келгендер бірнеше залға бөлініп, отырғызылды. Алайда сотталушылардың қорғаушылары сот шешіміне қанағаттанбай отыр. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.