Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Адамдармен кездесетін кездер жиі болады": Сағынтаев коронавирустан қалай қорғануда?

Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалға арналған онлайн-баспасөз конференциясында қала әкімі денсаулық сақтау жүйесінің коронавирус инфекциясының үшінші толқынына дайындығы туралы да хабарлады.

"Адамдармен кездесетін кездер жиі болады": Сағынтаев коронавирустан қалай қорғануда?

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустан қалай қорғанып жүргенін айтты. Әкім қалтасына үнемі артығымен қосымша маска салып жүреді. Мегаполис басшысы бетперде режимі мен әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтау керектігін еске салды. Сондай-ақ, қала тұрғындарын халық көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуға шақырды. 

«Мен ешқашан маскасыз жүрмеймін. Кабинетте тығылып отыра алмаймын. Адамдармен кездесетін кездер жиі болады. Сол жерлерге барғанда маска тағамын.  Қалтамда қосымша маскам да бар. Ескісін шешіп, жаңасын кием. Кездесуде басқа адамдардан ұялмай маскаңызды киіңіз, өзгелердің де денсаулығын ойлаңыз деп өтініш айтамын. Санитайзермен қолды жуып жүру, көп адамдар жиналған жерге бармау, қандай талаптар бар соны орындап жүруіміз керек», - деді қала әкімі. 

Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалға арналған онлайн-баспасөз конференциясында қала әкімі денсаулық сақтау жүйесінің коронавирус инфекциясының үшінші толқынына дайындығы туралы да хабарлады. Журналистердің сұрақтарына жауап берген Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау инфрақұрылымын нығайту бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды. 

«Өткен айдың басынан бастап індеттің үшінші толқыны басталды. Мутацияланған Оңтүстік Африка, Бразилия және британдық штамдар пайда болды. Мегаполистің зертханаларында 113 сынаманың мутация ықтималдығына зерттеулер жүргізіліп, 63 сынамада мутацияның жоғары ықтималдығы анықталды, ол қала бойынша орта есеппен 56 пайызды құрады. 113 сынаманың 31-інен британдық штамм анықталды, ол 71 пайызды құрайды. Сауда орталықтары қазір үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, өз аумақтарын, аудандарын ұсынады, тіпті бәрін өздері ұйымдастырады. Барлық емханалар, жеке клиникалар қатысады,

біз вакцинациялау пункттерінің санын 250-ге жеткіземіз, ал егер айына 250 мың вакцина алсақ, күніне 8-9 мың адамды қабылдауымыз керек. Жұмыс оңай емес, бұл үшін үлкен ұйым және көптеген мамандар қажет. Қазір медициналық университеттер, медициналық колледждер және оқытушылардың өздері қатысады», - деді мегаполис басшысы. 

Қазір қалада мутацияланған штамдарда қысқартылған инкубация кезеңі байқалады. Бұл барлық топтағы адамдарға, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балаларға да қауіп төндіреді. Стационарларда 420 жансақтау орны бар, олардың жүктемесі 34%-ды құрайды (152 науқас). Мегаполисте төрт мыңға жуық пациент амбулаториялық ем алып жатыр. Қазіргі уақытта COVID-19-бен күресуге 8500 медицина қызметкері жұмылдырылған. Резервте 2 758 медициналық маман бар. Алматыда 25 ПТР зертханасы бар, олардың барлығы жұмыс күндері де, демалыс күндері де адамдарды қабылдауға дайын. Барлық зертханалардың тәуліктік қуаттылығы - 14 500 сынақ, бірақ оларды 24000-ға дейін көбейту мүмкіндігі бар.