Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

"COVID-19 пандемиясының құрбандары": жүк көлікке тиелген адамдардың мәйіті көпшілікті шошытты (ВИДЕО)

Видеодан мәйітке арналған ондаған қапты көруге болады.

"COVID-19 пандемиясының құрбандары": жүк көлікке тиелген адамдардың мәйіті көпшілікті шошытты (ВИДЕО)

Қара пакеттермен оралған адамдардың денесін жүк көлігіне тиеп жатқан сәті әлеуметтік желіге тарап кетті, деп жазады Paryz.kz.

Видеодан мәйітке арналған ондаған қапты көруге болады. "Мәйіттердің" бірі темекі тартып жатыр, ал екі адам қара пакеттерді түзетіп жүр.

Қазнет қолданушыларының айтуынша, адамдарды қорқыту үшін COVID-19 пандемиясының құрбандары туралы роликтерді осылай түсіреді-мыс. Бұл пікір шындыққа жанаспайды, деп жазды StopFake.kz.

"Видеоның түпнұсқасы қоюшы суретші Василий Ивановтың TikTok аккаунтынан алынған. Ролик осы жылдың 30 наурызында жарияланған және онда Хаскидің "Никогда-нибудь" клипінің түсірілімі" деп жазылған", - делінген сайттың хабарламасында.

Рэпер Хаскидің "Никогда-нибудь" әніне түсірілген музыкалық видеода мәйіттерге толы КамАЗ көрсетілгені рас, бұл осы таратылған роликтегі көлік.  Демек видеороликтің COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ.