Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қасиетті Рамазан айы қашан басталады?

Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады.

Қасиетті Рамазан айы қашан басталады?
Дереккөз: media.az

Елордада Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл Қасиетті Рамазан айының қашан басталатынын мәлім етті, деп хабарлады Paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісі өтті. Онда биылғы жылы Рамазан айының қашан басталатыны белгілі болды.

"Санаулы күндерден кейін қасиетті Рамазан айы кіреді. Мұсылман үмбеті үшін Рамазан айы – сондай ерекше ай. Қазіргі жағдайды ескере отырып, ең бастысы тазалық пен тәртіп жағына көңіл бөлсек. Осы айда мейлінше қайырымды істерді көбірек астқаруға шақырамын. Жамағаттың ыңғайына қарай уақытты белгілеп онлайн дәрістер, Құран үйрету сабақтарын өткізуді жалғастыру қажет. Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Рамазан айы 30 күн болады. 13 мамыр – Ораза айт күні, 8 мамырдан 9 мамырға қараған күні – Қадір түні",- деді ол.

Сондай-ақ бұған дейін биылғы пітір садақаның құны 420 теңге екені белгілі болған еді.