Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елімізде тағы үш бірдей ЖОО аккредиттеуден өтпей қалды

Ресми ескерту бүгінде Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті мен «Астана» университетіне жолданған.

Елімізде тағы үш бірдей ЖОО аккредиттеуден өтпей қалды
Дереккөз: liter.kz

Қазақстандық аккредиттеу агенттіктері Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті (бұрынғы Қазақ теңіз университеті) және "Астана" университетінің аккредиттеу туралы куәліктерін қайтарып алды. Енді аталған жоғары оқу орындары лицензия әрі аккредиттеусіз студенттерге диплом бере алмайды, деп хабарлады Paryz.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Ресми ескерту бүгінде Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті мен «Астана» университетіне жолданған. "Тәуелсіз Қазақстан аккредиттеу" орталығында не себепті мұндай шешімге келгендіктерін түсіндіріп берген.

"Аталған оқу орындары біздің сарапшыларға аккредиттеуден кейінгі бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді, тіпті ғимараттарына кіргізбей қойды. Сол себепті аккредиттеуден өткізбедік",-дейді орталық директоры Бегалы Халмуратов.

Сондай-ақ БҒМ баспаөз қызметі аталған ЖОО министрлік тарапынан болатын тексерулерге де тосқауыл болғандықтарын, сот ісі бір жарым жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келе жатқандығын мәлімдеді.

Сол сияқты "Атамекен" ҰКП жұмыс берушілер аталған университет түлектерінің білім сапасына көңілдері толмайтындарын жеткізген.

"Бір ғана университетке тоқталып өтейік. Мысалы 2020 жылы Орталық Азия университетінің білім беру бағдарламаларының өзектілігі және сапасы жұмыс берушілердің тек 32%-ның ойынан шыққан. Сарапшылар аталған университтердегі бағдарламалар жетілдіру қажеттігін айтып отыр. Сондықтан бұл жерде қатаң шараларды қолға алу алған жөн",-дейді "Атамекен" ҰКП өкілдері.