Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

СҚО-да ашыққан еліктер көлік жолдарына шығып кететін болған

Тұрғындар еліктерді әсіресе орман-тоғайлардың жанында жиі жүреді дейді.

СҚО-да ашыққан еліктер көлік жолдарына шығып кететін болған
Дереккөз: azattyq-ruhy.kz

СҚО-да ашыққан еліктер көлік жолдарына жиі шығатын болған. Облыс тұрғындары жануарларды соңғы уақытта жол бойында жиі көретінін айтып, дабыл қаққан. Бұл туралы Paryz.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әсіресе облыс азаматтарының жолға шыққан еліктерді бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге салатын оқиғалары жиі орын алып жүр. Тұрғындар еліктерді орман-тоғайлардың жанында жиі жүреді дейді. Олар сондай-ақ жануарлардың биыл тым арық екенін айтып отыр. Қайырымды тұрғындар жануарлардың мүшкіл халіне бей-жай қарай алмай, жем-шөп салынған қаптарды жол жиегіне тастайтын болған.

Жауапты мекеме өкілдері мұндай жағдайдың орын алуы биылғы жылы қардың көп жаууы салдарынан деп отыр. Сол себепті орман шаруашылығы инспекциясы орман арасындағы жолдарды қардан тазартып, еліктерге жем әзірлеуді қолға алған.

"Еліктер ай далада жүрмейді. Тек орман қасындағы жолдарға ғана шығып жатыр. Себебі, жол маңайында  шөпке жету оңайырақ. Еліктер басын санау жұмысы наурыздың отызы күні аяқталды. Қазір жинаған мағлұматты жиыстырамыз",-дейді СҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының бөлім басшысы.