Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстанда балаларға сексуалдық зорлық көрсету оқиғалары жиілеп кеткен

Кәмелетке толмағандарға көрсетілетін жыныстық қылмыс саны 4,8 пайызға өскен.

Қазақстанда балаларға сексуалдық зорлық көрсету оқиғалары жиілеп кеткен
Дереккөз: Informburo.kz

Елімізде ересектерден сексуалдық зорлық көрген балалардың саны күрт көбейген. Бүгінде зорлық көрген 5 мыңнан астам жасөспірім ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған көрінеді, деп хабарлады Paryz.kz. КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл ретте ІІМ өкілдері балаларға көп жағдайда балаларға жақындары тарапынан көрсетілетін зорлық-зомбылық оқиғалары оқиғалары көп деп отыр.


"Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың жақындары тарапынан көрсетілетіні айтарлықтай проблема болып отыр. Кәмелетке толмағандарға көрсетілетін жыныстық қылмыс саны 4,8 пайызға өскен. Полицияның белсенді жұмысы өткен жылы осыған дейінгі тіркелген істердің үштен бірін ашты. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық деректерінің 20 пайызын полиция қызметкерлері денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірігіп, ерте жүктілік бойынша анықтады", - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төраға орынбасары Алексей Милюк.

Елімізде балаларға зорлық көрсететін қылмыскерлерге ауыр жаза қарастырылған. 2020 жылдан бастап педофилдер 5 жылдан 8 жылға дейін, ал екі немесе одан көп баланы зорлағандар 17 немесе 20 жылға дейін, тіпті өмір бойына сотталуы мүмкін.

ІІМ карантин кезінде жалпы әйелдер мен балаларға тұрмыстық жәбір көрсету жиілегенін алға тартып отыр. Тек 2020 жылы осындай қылмыстың саны 4,7 пайызға өскен. Үйдегі ұрып-соғудың құрбаны көбіне әйелдер болса, кәмелетке толмағандардың үлесі 6,7 пайызды құрап отыр.