Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Күлкі күнінде әзілдеген тағы бір "Жұмабектің бажасы" жазаланды

Ер адам нөмірдің орнына "Жұмабектің бажасы" деген жазуды қолымен жазған.

Күлкі күнінде әзілдеген тағы бір "Жұмабектің бажасы" жазаланды

Павлодарда қалжыңдағаны үшін жүргізуші жазаланды деп хабарлайды Paryz.kz өңірдің полиция департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 1 сәуір күні Назарбаев даңғылы бойында көлігінің артқы жағында мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған "ВАЗ 2170" жүргізушісі ұсталған.

Ер адам нөмірдің орнына "Жұмабектің бажасы" деген жазуды қолымен жазған.

Жүргізушінің көңіл күйінің керемет болғанына қарамастан, тәртіп сақшыларының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырғаны белгілі болды. Оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, көлігі автотұраққа қойылды.

"Адамдар, ережелерді нақты сақтау – жолдағы заң және міндетті шарт екенін ұмытып кетеді. Жол ақталуға қажетсінбейді, ол кішігірім бұзушылықтарды да кешпейді, қырағылық сақтауды және ұдайы мұқият болуды міндеттейді",- деп атап өтті Павлодар қаласы полиция басқармасының басшысы Данияр Бек. 

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Түркістан облысында түсірілген видео пайда болған еді.