Президент өз сөзінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бастапқыда қызметін қарқынды бастап, кейін босаңсып кеткенін ашық айтқан.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін елдегі коронавирустың таралу жағдайына байланысты өткен отырыс барысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен "СК Фармация" басшылығына шүйлікті деп хабарлайды paryz.kz.
Президенттің компания басшылығына қатысты наразылығы Ақорданың Твиттер парақшасында жарияланды.
“Жекелеген аймақтарда сатып алынған қорғаныш заттарының жетіспеушілігі мен сапасыздығы байқалады. Біз "СК-Фрамацияның" басшылығын ауыстырдық. Дәл қазір жаңа басшылықтың басқару қабілетін көрсететін мүмкіндік туып отыр. Егер оны істей алмасаңдар, орынды босатыңдар", – деді мемлекет басшысы.
Сол сияқты мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте үкімет жұмысын қатаң сынға алған. Президент өз сөзінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бастапқыда қызметін қарқынды бастап, кейін босаңсып кеткенін ашық айтқан.
"Алексей Владимирович, осыған дейін сізге қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрі үкіметтегі басты тұлға екенін айтқан едім. Сіздің ерекше өкілеттігіңіз бар. Сіз жақсы жұмыс істеп бастадыңыз, кейін қарқыныңызды жоғалтып алдыңыз", - деген мемлекет басшысы.