Сәуірде наурыз айымен салыстырғанда жауын-шашын мөлшерінің көп болатыны белгілі болды...
Синоптиктер сәуір айынан бастап Қазақстанда күн жылынатынын мәлімдеді. Ауа температурасы республиканың солтүстігінде алғашқы онкүндікте 0°C-қа, ал үшінші онкүндікте бұл аймақтарда ауа температурасы шамамен +5°C-қа жылынатынын айтты, деп хабарлады paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Сондай-ақ сәуірде наурыз айымен салыстырғанда жауын-шашын мөлшерінің көп болатыны белгілі болды.
Қазақстанның барлық өңірлерінде найзағай ойнайды деп болжануда. Ал тұман Қазақстанның солтүстік аймақтарына жиі түспек.
Болжам бойынша осы айда республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстарында +2, +9°С-ты құраса, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы және Қарағанды облыстарында +10,+16°С болады деп күтілуде.
Айдың алғашқы онкүндігінде елдің басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек елдің батысында және оңтүстік-шығыс бөлігінде аралас жауын-шашын болуы мүмкін. Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап республикада ауа-райы тұрақсыз болады, тұман түсіп, мұз қатады.
Сондай-ақ, бірінші онкүндікте ауа температурасы түнгі және күндізгі уақытта жоғарылайды деп күтіліп отыр: батыста +2,+7С дейін, күндіз +5 +15°С дейін, солтүстікте, солтүстік-батыс, орталық және шығыста бірінші онкүндіктің екінші жартысында түнде -5, -15°С, -2 +3°С, күндіз +2,+10° дейін, орталықта және шығыста +13°C дейін жоғарылымақ.
Бірінші онкүндіктің соңында Қазақстанның солтүстік жартысында түнгі температура төмендейді деп болжануда.
Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде Иран мен Орталық Азиядан келетін жылы ауа массаларының салдарынан ауа температурасы жоғарылайтын болады. Сынап бағанасы елдің солтүстігінде, орталығы мен шығысында күндіз +15 +25°С дейін; оңтүстік облыстары мен батысында +20 +30°С-қа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.