Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

160 миллард доллар: Депутаттар Қазақстанның сыртқы қарызының артқанына алаңдап отыр

Депутаттың айтуынша Қазақстан тек Еуропалық қайта құру және даму банкінен жалпы сомасы 9,4 миллиард долларды құрайтын 280 жобаға қарыз алған екен.

160 миллард доллар: Депутаттар Қазақстанның сыртқы қарызының артқанына алаңдап отыр
Дерккөз: rbk

Парламент депутаттары Қазақстанның сыртқы қарызы жыл санап ұлғайғанын айтып дабыл қағуда. «Ақ жол» партиясы өкілі Андрей Линник ел  вице-премьері Әлихан Смайыловқа осындай депутаттық сауал жолдап, сырттан алыған қаржының қалай жұмсалып жатқанына алаңдатушылық білдірді, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша Қазақстан тек Еуропалық қайта құру және даму банкінен жалпы сомасы 9,4 миллиард долларды құрайтын 280 жобаға қарыз алған екен. Қаржының жартысынан көбі жеке секторға тиесілі дейді депутат. Сол сияқты елордада мектеп салатын құрылыс компаниясы мектеп бекіткен 2 миллиард теңгені назарға алмай, жалпы құрылыс бағасын 7,5 миллиард теңгеге бағалапты. Халық қалаулысы қарызға алғаш әр тиынды орынды жұмсау қажеттігін еске салды.

"Сол сияқты Семей қаласында қоқыс өңдейтін полигонды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 6,8 млрд теңгеге салу жоспарланып отыр екен. Дәл осындай полигон БҚО-да бар-жоғы 200 млн теңгеге салынбақ. Сонда Семейдегі жоба Оралдағыдан 34 есе қымбатқа шығайын деп тұр! Сала өкілдері де жобаның құны қолдан өсірілгенін айтады", - дейді "Ақ жол" фракциясының мүшесі Андрей Линник. 

Белгілі болғандай, осыған дейін әлеуметтік желіде Семей қаласындағы "Келешек" мемлекеттік мекемесінің басшысы Мақсұт Нигметовтың хаты жарияланған еді. Кәсіпорын басшысы сыбайлас жемқорлықтың кесірінен полигон құрылысы бірнеше есеге қымбаттағанын мәлімдеген болатын.