Метеорологтардың мәліметінше, Мәскеу аудандарынан антициклон біртіндеп шығысқа қарай ығысады.
"Қазгидромет" синоптиктері алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп мәлімдеді paryz.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, Мәскеу аудандарынан антициклон біртіндеп шығысқа қарай ығысады, осыған байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Кезеңнің ортасынан бастап батыс аймақтарға солтүстіктен және оңтүстіктен циклон әсер етеді, содан кейін ол біріктіріліп, жаңбыр мен желдің күшеюіне әкеледі. Фронтальды бөліктердің әсерінен елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынмен тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады", - делінген хабарламада.