Шенеуніктердің ұлы — Сабырбаев Санжар, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары.
Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлер отбасы анықталды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Сабырбаевтер отбасының үш мүшесі Алматы облысында мемлекеттік қызметте отыр.
Отбасы басшысы Сабырбаев Амандос — Ақсу ауданы әкімінің орынбасары және атқарушы мемлекеттік қызметшілердің әдеп жөніндегі уәкілі.
Отбасы жайлы ақпаратты табу қиындық тудырмайды. Әркімнің әкімдік сайтында өзіндік «парақшасы» бар.
Жұбайы — Сабырбаева Сәуле. Алматы облысы Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.
Шенеуніктердің ұлы — Сабырбаев Санжар, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда және басқа да бірқатар заңдарда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жақын туыстар, ерлі-зайыптылар немесе жекжаттар атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайтыны ғана емес, сонымен бірге жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары тікелей бағыныста бола алмайтындығы көрсетілген.