Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Коттедж қалашығында атыс болды

Атыс басталғанда үйде 1 сәби мен 3 ересек адам болған.

Коттедж қалашығында атыс болды
Фото: дереккөз

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері 30 наурыз күні Мәскеу маңындағы Вешки ауылында заңсыз қару саудалады деген күдікпен ер адамды тұтқындамақ болды. Күдіктінің үйін тексеру барысында ол үйіне жасырынып алып, құқық қорғау қызметкерлеріне қарата оқ атқан, деп хабарлайды paryz.kz ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің мәліметтеріне қарағанда, күдікті 1960 жылы туған көтерме-бөлшек сауда және құрылыс фирмасының бас директоры - Владимир Барданов.

Полиция қызметкерлері күдіктінің әйеліне тұрғын үйді тінту жөніндегі сот шешімін көрсетіп, үйдің ауласына кірген. Барданов осы уақытта үйдің терезесінен автоматтан оқ атып, граната лақтыра бастаған. Ер адам құқық қорғаушыларға қарай барлығы 20 граната лақтырған. Ол жарылыс жасап, полицияға тегеурінді қарсылық көрсеткен. Соның салдарынан үйден өрт шыққан. Арада біршама уақыт өткен соң тағы да жарылыс болған. Росгвардияның арнайы мақсаттағы сарбаздары үйге шабуылдау барысында граната атқыш қолданған. Бардановқа қатысты бірнеше өндіріс жүргізілген. Оның ішінде 148 млн рубль салық берешегі бар.

Атыс басталғанда үйде 1 сәби мен 3 ересек адам болған. Олардың барлығы да Бардановтың туыстары. Ересек адамдар мен сәби үйден шыққан, 1 адам ғана қалған. Оқиғаның куәгері құқық қорғаушыларға оқ атқан адамның саяжайында жолбарыс, аю, сілеусін сияқты жабайы аңдар ұстайтынын айтқан.

ТАСС агенттігіне сұхбат берген азамат күдіктінің бұл үйдің осыдан 10-15 жыл бұрын салғанын, алайда көршілерімен қатынаспайтынын айтқан. Тергеу комитеті Федералды қауіпсіздік қызметі мен Ішкі істер органдарына оқ ату әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.