Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Биыл ҰБТ қалай өтеді? - БҒМ жауабы

Еліміздің өңірлерінде ҰБТ өткізу пунктерінің саны жеткілікті.

Биыл ҰБТ қалай өтеді? - БҒМ жауабы

Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов министрліктің аппарат жиналысында биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қалай өтетінін айтты, деп мәлімдеді paryz.kz.

«Наурыздың 10-ы мен сәуірдің 10-ы аралығында ҰБТ ақылы негізде өтеді. Оған үміткерлер бір рет қана қатыса алады. Ал 15 сәуір мен 30 маусым аралығында ҰБТ тегін болады. Бұл ретте үміткерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігіне ие. Олар білім гранттарын бөлуге қатысады. Сәуір-маусым аралығындағы ҰБТ-ға биыл мектеп бітіретін 120 мың түлектің қатысатындығы жоспарланған», - деді ол министрліктің аппарат жиналысында.

Еліміздің өңірлерінде ҰБТ өткізу пунктерінің саны жеткілікті. Биыл ҰБТ-ны мектеп бітірушілер, өткен жылы орта білім ұйымдарын бітіргендер, кәсіби-техникалық орта білім алғандар, Қазақстан азаматы емес тұлғалар, шетелдердегі білім ұйымын бітіргендер тапсырады.

«Өткен жылы біз оларға ҰБТ-ны пандемияға байланысты қашықтан өткізген едік. Сондықтан оларда ҰБТ-ны электронды форматта тапсыру тәжірибесі бар және бұл олар үшін жаңалық емес», - деді Мирас Дәуленов.