Сонымен қатар, министр мониторингтік топтардың енгізілген шектеу шаралары мен ескертулеріне қарамастан, елімізде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұза отырып жұмыс істейтін нысандарды анықтау жалғасып жатқанын атап өтті.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой екпеге кері әсері жоқ қазақстандықтарды вакцинациядан бас тартпауға шақырды. Ведомство басшысы вакцинация вирустың таралуын азайтудың жалғыз жолы екенін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ұйымдастырылған ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде вакцинация жүргізу үшін жылжымалы егу пунктері немесе көшпелі егу бригадалары ұйымдастырылады. Вакцинация -вирустың таралуын азайтудың жалғыз жолы. Вакцинацияға қарсы көрсетілімдері жоқ әрбір қазақстандықты бас тартпауға және екпе алуға шақырамын. Тек осы жолмен ғана біз қалыпты өмірге орала аламыз», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ОКҚ брифингінде.
Сонымен қатар, министр мониторингтік топтардың енгізілген шектеу шаралары мен ескертулеріне қарамастан, елімізде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұза отырып жұмыс істейтін нысандарды анықтау жалғасып жатқанын атап өтті.
«Наурыз айында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау бойынша талаптарды бұзушылықтарды анықтау бойынша 16 030 рейд жүргізілді. 102 966 нысанның ішінде 2864-і белгіленген шектеу талаптарын, жұмыс режимін бұзғаны анықталды. 3021 әкімшілік іс қозғалды», - деді Алексей Цой.
Мұндай нысандардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысында (838) анықталды. Сонымен қатар Алматыда - 775, Шымкентте - 254 нысан карантин талаптарын бұзған.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, елімізде карантиндік шараларды қасақана бұзған 512 адам анықталды. Өңірлер бойынша карантин талаптарын қасақана бұзудан Шымкент - 153, Нұр-Сұлтан - 63, Алматы - 56, Жамбыл облысы - 41, Қостанай - 34 және Павлодар – 23 қалалары көш бастап тұр.