Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі жайлы не білеміз?

2003 жылдан бастап алты Съезд өтті, 2021 жылы жетінші Съезді өткізу жоспарлануда.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі жайлы не білеміз?
Дереккөз: el.kz

Көпғасырлық тарихи ке­зеңдерде діни және мәдени көптүрлілігімен ерек­шеленетін Қазақстан – тәуелсіздік жылдарында барша әлемге түрлі конфессиялар мен этностардың тату ғұмыр кеше білетіндігін паш етіп келеді. Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім саясаты, діндер мен мәдениеттердің үнқатысуы әлемдік деңгейде мойындалып отыр. Бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген болатын: «Қазақстан – ислам, православие, католицизм, протес­тантизм, буддизм және иудаизм өкілдері келісім мен бейбітшілікте өмір сүріп жатқан әлемдегі жалғыз жер». Ендеше материалдың бұл санын осы тақырып төңірегінде өрбітуді жөн көрдік.

 

Жалпыұлттық бірлікте конфессияаралық келісімнің ролі қандай?

 

Қазақстан халқының кон­фессияаралық келісім формуласы – бүкіл прогресшіл адамзат тарапынан танылды және де бұл модель әлемнің көптеген мемлекеттері үшін үлгі болып қана қоймай, сондай-ақ сарапшылар мен ғалымдар, әлемдік деңгейдегі саясаткерлердің өзекті ғылыми-зерттеу тақырыбына айналды.

Конфессияаралық келісім – Қазақстан халқы үшін өзара түсіністік пен құрмет көрсетуді қажет ететін қастерлі құндылық. Мемлекетімізде әртүрлі конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық танытып, құрмет көрсету саясатынан бөлек адамгершілік құндылық болып табылады.

Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер арасындағы сенімді байланыстар орнықтыратын өркениетаралық үнқатысу алаңына айналуы –              Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаһандық үнқатысуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүргізуінің нәтижесі екендігін барша әлем елдері мен халықаралық қауымдастық өкілдері мойындады.

Осы орайда, бүгінгі күні 130-дан астам этнос пен 17 конфессия өкілдері өмір сүретін біздің еліміз үшін тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап конфессияаралық келісімді нығайту мемлекеттің ішкі саясатындағы басты міндет ретінде белгіленді. Осындай қадамның арқасында бүгінде Қазақстан барша әлемге толерант­тылықтың жарқын үлгісін көрсетіп отыр.

Конфессияаралық келісімді нығайту мемлекеттің тұжырымдамалық-стратегиялық құжаттарында, бағдарламаларында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапты.

 

Нұр-Сұлтан – әлемдегі дәстүрлі діндер лидерлерінің басын қосатын рухани орталық

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамаларының қатарында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін шақыру процесі – этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастыруға, қоғамның ішкі тұрақтылығын сақтауға, сондай-ақ дін және этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты нығайтуға жаңа серпін берді.

Бүгінгі күні Съезд әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жаһандық диалогының маңызды алаңына айналды. Діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің әртүрлі діни сенімдегі адамдардың лайықты өмірі мен шексіз болашағы жолындағы ынтымақтастықтың қарқыны күшейіп келеді.

Бұл форумның мақсаты – жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қолдау тетіктерінің бірі ретінде мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты дамыту, халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту болып табылады.

Осыған орай, Қазақстан үшін дінаралық диалогты жаһандық деңгейде ілгерілету, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізу жөніндегі бастамаларды әлемдік деңгейдегі халықаралық ұйымдар тарапынан үлкен қолдау тапты. 2003 жылдан бастап алты Съезд өтті, 2021 жылы жетінші Съезді өткізу жоспарлануда.

Съезд қорытындылары бойынша қабылданған Декларацияларда форум қатысушылары ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізу және өшпенділік пен төзімсіздіктен туындаған, күштеп жасалатын әрекеттердің алдын алу, кез келген лаңкестік әрекеттердің көріністеріне қарсы тұру, сондай-ақ, босқындар мен олардың құқықтары мен абыройын қорғауға бағытталған күш-жігерді біріктіруге келісті.

Қорытынды құжаттар әлемдік БАҚ өкілдерін терроризм мен дінді теңдестіруден бас тартуға үндеді. Декларацияда бейбітшіліктің құндылығын, БАҚ, әлеуметтік желілер мен қоғамдық жиындарда өзара түсіністік пен сыйластықты ілгерілету, сондай-ақ барлық діндердің құлшылық жасау орындары мен киелі жерлерінде арандатушылық пен зорлықты болдырмауға күш салуға үндеуі қамтылды.

Съезд делегаттары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім жолындағы жаһандық өзара әрекеттесу үдерісіне қосқан қомақты үлесін мойындау ретінде «Н.Назарбаев атындағы конфессияаралық және өркениетаралық диалог орталығын» құру бастамасын қолдаған болатын. Бүгінгі күні елімізде «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Назарбаев орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде белсенді түрде жұмыс істеп тұр. Ендеше Қазақстан алдағы уақытта да осы бағытқа барынша көңіл бөліп, еліміз тұрақтылық пен татулықтың жарқын үлгісі болып қалатынына сеніміміз мол.