Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қостанай облыстық ПД Жітіқарадағы полициямен жанжалға қатысты түсінік берді (ВИДЕО)

Бұл ретте әңгіме барысында боқауыз сөздер айтылды. Тәртіпсіздіктің барлығы кішкентай баланың көз алдында болды...

Қостанай облыстық ПД Жітіқарадағы полициямен жанжалға қатысты түсінік берді (ВИДЕО)

Қостанай облыстық Полиция департаменті Жітіқара қаласында тәртіп сақшыларының мас халде жүрген қала тұрғынын күштеп ұстап жатқан сәті түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Мессенджерлерде 3 ер адам, 2 әйел және 1 баланың қатысуымен болған видео таралып жатыр. Онда 3 ер адамның жанжалдасып тұрғаны түсірілген. Видеодағы 2 ер адам – полиция қызметкерлерінің үшінші ер адамды күштеп алып кетпек болғаны түсірілген. Сол уақытта әйелдердің бірі бұны таспаға түсіріп жатса, екіншісі күйеуін полицейлерден арашалап алмақ болып тұрған.

Бұл ретте әңгіме барысында боқауыз сөздер айтылды. Тәртіпсіздіктің барлығы кішкентай баланың көз алдында болды. Полицияның мәліметінше, қазір полиция қызмкеткерлерінің қоғамдық жерде мас халде жүрген азаматты ұстап жатқаны түсірілген видеоны тарату фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

"Патрульдік полицейлердің Жітіқара қаласының 39 жастағы азаматын ұстау кезіндегі әрекетінің заңдылығына баға беріледі. Қазіргі кезде тәртіп бұзушыға қатысты қоғамдық жерде мас халде жүріп, боқауыз сөз айтқаны үшін ұсақ бұзақылық фактісі тіркеліп, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жітіқара ауданы полиция бөлімінің бастығы Болат Иманов жанжал қатысушыларымен кездескенін атап өтті. "Полиция қызметкерлеріне қатысты тәртіптік өндіріс басталды, сондай-ақ жетоннан түсірілген видео зерттеледі", - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.