Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Таразда әскерден қашып кеткен сарбаз 4 күннен бері табылмай жатыр

Сарбаз әлі 6 ай әскери борышын өтеуі керек екен. Оның кетіп қалғанына әскерилер таңғалып отыр. Себебі басқалармен қарым-қатынасы жақсы, сабырлы жігіт көрінеді...

Таразда әскерден қашып кеткен сарбаз 4 күннен бері табылмай жатыр
фото: ашық дереккөз

Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат 3 шамасында әскери бөлімнен ешкімге ескертпестен кетіп қалған. Жанындағы серігі де байқамаған. Түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен 19 жастағы жігіт 4 күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлады paryz.kz.

Сарбаз әлі 6 ай әскери борышын өтеуі керек екен. Оның кетіп қалғанына әскерилер таңғалып отыр. Себебі басқалармен қарым-қатынасы жақсы, сабырлы жігіт көрінеді. Жауаптылар оның қолында қару жоқ екенін мәлімдеді. Ал сарбаздың туыстары балаларының қашып кеткеніне сенбейді.

"Соңғы рет маған 20-сында қоңырау шалды. Ешкім ренжітіп жатқан жоқ па деп сұрадым. Жоқ, бәрі жақсы, уайымдамаңыз, балалар да жақсы, командирлер де жақсы деді", - дейді анасы Гүлжан Арысбаева.

"Не себепті әскери бөлімді тастап, қашып кеткені бізге беймәлім. Қазір Жамбыл облысы бойынша және Тараз қаласында осы әскери бөлімнің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Нәтиже әлі болған жоқ", - дейді 8595 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Бауыржан Дүйсенбаев.