Белгілі болғандай, өңірде жыл басынан хабар-ошарсыз кеткен 12 адам іздестірілген.
Атырауда жұмысына шығып кетіп, жоғалған күзетшінің мүрдесі Жайықтан табылды, деп хабарлайды paryz.kz.
Күзетшінің жоғалғаны туралы полицияға 9 наурызда қарындасынан хабар түскен.
«Із-түзсіз жоғалған азаматтың денесі 26 наурызда сағат 20:00 шамасында Алмалы елді мекені маңындағы Бугорки саяжайы тұсынан, Жайық өзенінен табылды. Мүрдені қарау кезінде дене жарақаты болмады» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Белгілі болғандай, өңірде жыл басынан хабар-ошарсыз кеткен 12 адам іздестірілген. Жоғалғандардың 9-ы табылған. Ал, 3-еуі әлі іздестіріліп жатыр.