Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қызылордада балалар үйінен жоғалған 3 қыздың біреуі 4 күннен бері табылмай жатыр

Белгілері: бойы - 175 см, шашы қара түсті, иығынан түскен, кекілі сары түске боялған. Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім бар...

Қызылордада балалар үйінен жоғалған 3 қыздың біреуі 4 күннен бері табылмай жатыр
фото: ашық дереккөз

Қызылордадағы отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылынан кетіп қалған үшінші қыз әлі табылмай жатыр. Бұл жайында облыстық ПД Криминалдық полция басқармасы мәлімет таратты, деп хабарлады paryz.kz.

2004 жылы 27 тамызда туған Ділдә Мұсабекқызы Нұғманова 25 наурыз күні түнгі 02:00 шамасында балалар үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қызылорда облысының Полиция департаменті қызға іздеу салады.

Белгілері: бойы - 175 см, шашы қара түсті, иығынан түскен, кекілі сары түске боялған. Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім бар.

Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берген жөн: 8 (7242) 29-70-10, 8 (7242) 29-75-20, 8 (7242) 29-75-02, 8-705-255-81-25.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада 3 бойжеткеннің жоғалып кеткені хабарланған болатын. Кейін оларды іздеуге еріктілер жұмылдырылып, екеуі Алматы қаласынан табылған.