Осылайша, Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіліспен бастады.
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Франция арасындағы кездесу аяқталды.
Бірінші таймда Франция екі гол соққан. Алдымен Усман Дембеле есеп ашса, үзіліске шығатын тұсоа бұрыштама добынан қорғаушы Сергей Малый өз қақпасына кіргізіп алды.
Ал екінші таймда есепте өзгеріс болмады. Әлем футболының жарық жұлдызы пенальтиден үшінші голды соғар керемет мүмкіндігі болған. Бірақ қақпашы Мокин бұл жолы әбжілдік танытып, қақпасын құтқарып қалды. Сөйтіп,матч 2:0 есебімен аяқталды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіліспен бастады. Енді Талғат Байсуфинов шәкірттері 31 наурызда Украина құрамасымен кездеседі.
Қазақстан – Франция – 0:2
Голдар: Усман Дембеле, 20 (0:1). Сергей Малый, 44-автогол (0:2).
Қазақстан: Александр Мокин, Руслан Валиуллин (Рамазан Кәрімов, 84), Нұрәлі Әліп, Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Марат Быстров,Владислав Васильев (Эльхан Астанов, 88), Асхат Тағыберген, Азат Нұрғалиев (К) (Максим Самородов, 84), Серікжан Мұжықов (Ян Вороговский, 65), Максим Федин (Еркебұлан Тұңғышбаев, 65);
Франция: Уго Льорис, Люк Динь, Клеман Лангле, Курт Зума, Лео Дюбуа, Танги Ндомбеле (Мусса Сиссоко, 82), Поль Погба (Адриен Рабьо, 60), Тома Лемар, Антуан Гризманн (Виссам Бен-Йеддер, 59), Усман Дембеле (Кингсли Коман, 90), Антони Марсьяль (Килиан Мбаппе, 59)