Петропавл көшесінде локомотив тасжол үстінде жүр (ВИДЕО)

Видеода тепловоз Ярослав Гашек көшесі бойынан "өтіп", айналма жолда тоқтайды.

Петропавл көшесінде локомотив тасжол үстінде жүр (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Желіде Петропавл көшелерінің бірінде тасжол үстімен локомотив өтіп бара жатқаны түсірілген видео пайда болды. Видео бір қарағанда шынайы болып көрінеді. Алайда ол видео кадрларына қойылған тепловоздың 3D моделі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео әлеуметтік желілерде 25 наурызда пайда болды. Қазіргі уақытқа дейін TikTok-та 100 мыңнан аса қаралым жинаған.

Видеода тепловоз Ярослав Гашек көшесі бойынан "өтіп", айналма жолда тоқтайды.

"Бұл Петропавлдағы жолаушылар автобусы","Ең бастысы бұрылысқа тоқтап, шамын жақты",- деп оқырмандар әзілдеп, пікірлер қалдырған.

Облыстық полиция департаменті де бұл видеоға жауап беріп, автордың Instagram-парақшасында түсініктеме қалдырды.

"Бұл видео 3D-графика көмегімен жасалған. Рельстік көлік құралдары жылжымалы құрамдарға жатады және пойыз рельсімен жүруге арналған көлік", - делінген полиция өкілі қалдырған түсініктемеде.

Жеке парақшадан видео авторы мұндай жұмыстарды жиі жариялап отыратынын көруге болады.