Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Елбасы 50 мың доллар көрімдік беріп кетті" - Тұңғышбай Жаманқұлов (ВИДЕО)

90-шы жылдары Әуезов театрына басшы болып тағайындалған Тұңғышбай Жаманқұлов қиын кездерде жас актерлерді қалай баспаналы қылғанын айтып берді.

"Елбасы 50 мың доллар көрімдік беріп кетті" - Тұңғышбай Жаманқұлов (ВИДЕО)
Фотоколлаж

Кино және театр актері Дулыға Ақмолда Елбасының арқасында баспаналы болғанын жеткізді. Бұл туралы ол «Ең алғашқы» бағдарламасында айтып берді.  

90-шы жылдары Әуезов театрына басшы болып тағайындалған Тұңғышбай Жаманқұлов қиын кездерде жас актерлерді қалай баспаналы қылғанын айтып берді.

"Сол кездерде Әуезов театрына басшы болып тағайындалдым. 90-шы жылдар өте бір қиын кездер еді. Сол кезде мен барлық мүмкіндіктерімді пайдаланып, Әуезов театрындағы жастарға үй алып беруге білек шеше кірістім. Солардың ішінде Дулыға да бар. Бірде біздің спектакльге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келді. Біздің қойған спектаклімізді көріп, өте қатты риза болды да, көрімдік беріп кетті. Ол 50 мың доллар болатын. Соған түгелдей он шақты пәтер сатып алдым да, бүкіл коллективке бір-бір айлықтан Елбасымыздың берген сүйіншісінен сыйақы жасадым, – деп өткенді еске алды ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.