Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Іле-Алатау ұлттық паркіндегі жер учаскелері конкурсқа түспейтін болды

Комитеттің хабарлауынша, ақпан айында Іле-Алатау ұлттық паркінде экологиялық туризм инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарын қарау бойынша қоғамдық тыңдау өтті. 

Іле-Алатау ұлттық паркіндегі жер учаскелері конкурсқа түспейтін болды
Фото: дереккөз

Іле-Алатау ұлттық паркінен жер учаскелерін қысқа және ұзақмерзімді пайдалануға беруге арналған конкурс пен тендер өтпейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz.

ҚР Экология, геология және табиғи ресерустар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен жер учаскелерін туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыруға 25 жылға дейін ұзақмерзімді және 5 жылға дейін қысқамерзімді пайдалануға беруге бағытталған конкурс пен тендердің өтпейтінін хабарлайды.

"Бұған жоспарланған тендер мен конкурстың өтетін уақытына қатысты жіберілген техникалық қателіктер себеп болып отыр", - деп жазылған хабарламада. 

Комитеттің хабарлауынша, ақпан айында Іле-Алатау ұлттық паркінде экологиялық туризм инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарын қарау бойынша қоғамдық тыңдау өтті. 

Қоғамдық тыңдау хаттамасы Іле-Алатау ұлттық паркі мен Алматы қаласы және Алматы облысы туризм басқармаларының сайттарында жарияланды. Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру Ережесіне сәйкес тендерлік және конкурстық құжаттар жобасы да ұлттық парктің интернет-ресурсына салынды.

"Жақын арада "Іле-Алатау" МҰТП тендер мен конкурс бойынша талқылау және түсіндіру жұмысын жүргізеді. Қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ұлттық парктің Қоғамдық кеңестерінің отырысы да өткізіледі", - деп хабарлайды комитеттен.