Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Теріскейдің шенеуніктері балаларға арналған ноутбуктерді өздері иеленген (ВИДЕО)

Сондай-ақ, 30 қой аламын деп қызметінен қуылған мемлекеттік қызметкерлер де бар.

Теріскейдің шенеуніктері балаларға арналған ноутбуктерді өздері иеленген (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Аз қамтылған отбасының балаларына сатып алынған ноутбуктерді, Теріскейдің шенеуніктер өздері иеленген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, бүгін осы жайтпен бөлісті, деп мәлімдеді Астана телеарнасына сілтеме жасаған paryz.kz.

Қазір аталған факт бойынша тергеу басталыпты. Құзырлылар мемлекетке келген шығын көлемі 12 миллион теңгеден асатынын айтты.

"Олар пандемия кезінде аз қамтылған отбасыдан шыққан мектеп оқушылары үшін, Үкімет резервінен сатып алған ноутбуктердің бір бөлігін ұрлады деген күдікке ілінді. Істің мән-жайы тергеу мүддесіне сай толық жария етілмейді. Нақты шешім тергеу нәтижелерінен кейін қабылданатын болады", - деді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Сондай-ақ, 30 қой аламын деп қызметінен қуылған мемлекеттік қызметкерлер де бар. Түркістан облысы сәулет бөлімінің басшысы, жер учаскесіне мемлекеттік акт алуға көмектесу ақысын, осылай бағалаған. Енді 30 қой үшін, 15 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттеліпті.

"Ол Шымкент қаласы Ташкент тас жолының бойында орналасқан жер учаскесіне мемлекеттік акт алуға көмектескен. Бұл қызметін 1 млн 200 мың теңгеге бағаланған, яғни  30 қойға және қосымша 11 мың теңге алды. Енді одан бірнеше есе көп айыппұл төлейді және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды", - деді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.