Әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов жолаушылар үшін барлық қауіпсіздік шараларын жасап жатқанын айтты.
Нұр-Сұлтан әуежайында қалып қойған жолаушылар ғимарат ішінде концерт жасаған. Еске сала кетсек, ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу-қону жолағы жабылған еді, деп хабарлады paryz.kz.
Әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов жолаушылар үшін барлық қауіпсіздік шараларын жасап жатқанын айтты.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы қардан түнгі сағат 3-ке дейін тазартылғандықтан, ұшу-қону жолағы біршама уақыт жабық болады. Барлық жолаушыны әуежай жұмысына түсіністікпен қарауларын сұраймыз. Толық ақпаратты әуежайлар мен әуекомпаниялардың Call-орталықтарынан білулеріңізді сұраймыз", - деді ол.