Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елбасын насихаттаған қор шалғай ауылдарға 5 мың азық-түлік себетін жөнелтпек

Әр отбасына күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпит сияқты ең қажетті деген заттардан жинақталған, әрбірінің салмағы 50 келіден асатын жалпы саны 20 мыңнан астам, 1 миллион келі азық-түлік себеті жинақталды.

Елбасын насихаттаған қор шалғай ауылдарға 5 мың азық-түлік себетін жөнелтпек
фото: дереккөз

"Халық" қайырымдылық қорының "Ел тірегі – Елбасы" акциясын танымал бизнесмендер мен компаниялар қолдады, деп хабарлады paryz.kz, kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

"Халық" қорының 20 наурыздан бастап Қазақстанда аз қамтылған, көпбалалы, сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасыларды азық-түлікпен қолдау бойынша "Ел тірегі – Елбасы" атты қайырымдылық акциясын бастағаны мәлім. Акцияға еліміздің танымал меценаттары – Қайрат Боранбаев, Данияр Әбілғазин, Диас Сүлейменов, Кеңес Рақышев, "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясы және "AYALA" қайырымдылық қоры қолдау білдіріп, еліміздің ең шалғай аудандарындағы отбасыларға 5 мың азық-түлік жиынтығын жеткізбек.

Әр отбасына күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпит сияқты ең қажетті деген заттардан жинақталған, әрбірінің салмағы 50 келіден асатын жалпы саны 20 мыңнан астам, 1 миллион келі азық-түлік себеті жинақталды.

Сондай-ақ, азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес, COVID-19 пандемиясының және онымен байланысты карантиндік шаралардың салдарынан материалдық қиындыққа тап болған отбасыларға бөлінеді.