Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

ҰБТ-дан жоғары ұпай алған 158 талапкердің тест нәтижесі жойылды

ҰБТ кезінде жоғары ұпай алғандардың видеосы тексеріліп,  158 талапкердің тест нәтижесі жойылды. Ал 97 түлек білім грантынан айырылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ҰБТ-дан жоғары ұпай алған 158 талапкердің тест нәтижесі жойылды
сурет интернеттен алынды

Келеңсіз жайт тест тапсыру орындарының біріндегі бақылау камерасына түсіп қалған. Онда тест тапсырушы сұрақ кітапшасын суретке түсіріп отыр. Ал ішкі тәртіпке жауапты кезекші оларға көмектескен.

Ереже бұзған 158 жайттың ішінде 138 балл жинаған талапкер де бар екен. Енді соның ішіндегі грантқа түскен 97 түлек грантынан айрылатын болды. Ол гранттар алдағы екі аптада тізімде төмен тұрған 97 талапкерге беріледі. Ал тәртіп бұзу әрекетін жасыруға атсалысқан кезекшіні тиісті орындардан жауапқа тартылуын талап етпек.

«Қараңыздар, қандай "батырлықпен" сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жауып тұр. Кем дегенде, оның білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, ал одан бетер шара ретінде қатал жауапкершілікке тартылуын талап етеміз», - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.