Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

«Сөмке иығында болған»: Руслан Өтепбай Шерзаттың оқиғасына қатысты тың мәлімдеме жасады

Белгілі журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай Шерзаттың оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Сөмке иығында болған»: Руслан Өтепбай Шерзаттың оқиғасына қатысты тың мәлімдеме жасады
фото: видеодан скриншот

Журналист Руслан Өтепбай Шерзат Полаттың оқиғасына куәлік еткен әйелдің сөзінің жалған екенін айтып видео жариялады.

Ол, оқиға орнындағы видеоларды көрсетіп, сол сәтті екі әйелдің де иықтарында сөмкелері болғанын, полицияға хабарлауға мүмкіндіктері бар болғанын айтты. 

“Шерзат Полат аса қатігездікпен қайтыс болған кезде оқиға орнында екі келіншектің болғанын білесіздер. Таяуда сот процесіне соның бірі куәгер ретінде шақырылды. Прокурор Эльмира Нурбековадан неге полицияға, жедел жәрдемге хабарласпадыңыздар деп сұрақ қойған. 

Куәгер келіншек: «Жедел жәрдем, полицияға хабарласа алмадық, телефон сөмкеде болды, ал сөмке көлікте», - деді келіншек.

Алайда бұл жалған ақпарат. Қылмыс күні таспаланған бейнебақылау камерасына зер салайық. Байқасаңыздар, жанжалдың басталған сәтінде екі келіншектің де иығында сөмке ілулі. Демек, екеуінің де сол сәтте-ақ полиция шақыра алатын мүмкіндіктері болған”.

Сондай-ақ, Руслан Өтепбай ертең жалғасатын Шерзаттың оқиғасына қатысты Сотта бұл жағдай назардан тыс қалмайды деп сенетінін айтты: 

“Ертең, Шерзаттың соты жалғасады. Сондықтан Сот пен прокурор, Шерзаттың адвокаттары бұл жәйтті назарға алады деп сенемін”.