Танымал әзілкеш Нұржан Төлендиевтің ұлы мен келіні той алдында кішігірім сұхбат берді, — деп жазады Paryz.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.
«Ішімде толқыныс сезімі бар. Жаңа отбасыға бара жатырмын. Бірақ жанымда ер азаматым болғаннан кейін қорықпаймын», — деді әзілкештің келіні Нұргүл.
Ал ұлы Рауан қорқатын ештеңе жоқ екенін айтып, келіншегіне қолдау көрсетті.
«Барлығы керемет болып жатыр», — деді Рауан. Сондай-ақ су жаңа қалыңдық Нұргүл өзіне барлығы ұнап жатқанын жасырмай айтты.