Ілияс Сариевпен бірге жұмыс істеген блогерлер Әмірбек Шәкіш пен Бақдәулет Құдайқұл өз шындықтарын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Блогерлер журналист Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, жағдайдың қалай болғанын баяндады. Айта кетейік, сәуірдің 10-ы күні «Елге көмек бер» қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариевті полиция ұстап әкетті. Кейін ол 2 айға қамауға алынды.
Осындан 3 жыл алдын Бақдәулет Құдайқұлға Ілиястың өзі келіп, бір уақытта 10 отбасыны үйлі қылу туралы ұсыныс айтып, көмек сұрайды.
Блогер қуана келісіп, қайырымдылыққа бер бұрады. Бірақ жиналған қаражат туралы оған ешқандай есеп берілмеген. Руслан Өтепбайдың журналистік зерттеуі арқылы 10 отбасыға берілу керек 10 шаңырақ сатылып кеткені белгілі болды. Блогерлердің айтуынша, Makkah&Medina travel қажылық компаниясының басшысы Ақтоты Дүйсеева «Елге көмек бер» қайырымдылық қорын құрушылардың бірі екен.
Айта кетейік, Ілияс Сариев бір топ адамды қажылықтан қалдырған Makkah&Medina travel қажылық компаниясын жарнамалағаны үшін ұсталды. Әрі Ақтоты ДүйсееваІлияс Сариевтің әйелі болып шықты. Екі блогер Ілияс Сариев елді алдағандай, бізді де алдап кетті деп отыр. Ілияс басында олардың әлеуметтік желідегі аудиториясына қызыққан.
Солай оларды қайырымдылық жұмыстарына тартқан. Кейін өзі де көп оқырман жинап алғасын блогерлерден алыстай берген. Ілия Сариевтің өзі де ауырып, диагнозын таппай, емделу үшін елден жылу жинады. Әмірбек Шәкіш оның ауырғанын жоққа шығарды.