Кеше ғана қастандыққа ұшыраған шенеунік Руслан Берденовтің әйелі Маржан Берденова желідегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды paryz.kz.
«Біраздан бері жүрегімнің қағысын қаттырық естіп тұрмын. Барабан сияқты соғып жатыр. Жүрегімнің қалай соғатынын осыған дейін де сезіп, біліп жүрмін ғой. Ал бүгін ол кеудемнен шығып кететіндей. Бала кезде естеріңізде ме? Қорыққан кезде жүрек қатты қағатын еді ғой…», — деп жазды ол.