Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

«Назгүл мен Құндыздың үйін сатып жіберген»: Ілиястың тағы бір былығы ашылды

Ілияс Сариевтың тағы бір былығы ашылды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Назгүл мен Құндыздың үйін сатып жіберген»: Ілиястың тағы бір былығы ашылды
фото: видеодан скриншот

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай айтты. 2022 жылдың жаз айында Ілияс Сариев «Елге көмек» қайырымдылық қорының атынан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылынан 10 мұқтаж жанға тегін баспана береміз деп, елден садақа жинаған.

"Кімнің есепшотына десеңіздер, айтайын. Әлгі ММ ТРАВЕЛДІҢ ИЕСІ АҚТОТЫ Болатқызының қалтасы майланады. «Елдің үйі» деген тамаша атты иеленген баспанаға секунд сайын қалың қазақ қомақты сомма салады. Ал нәтижесі қандай?”, - деп ойландырды журналист. Руслан Өтепбайдың айтуынша, Ілияс Назгүл мен Құндыздың үйін Марсбек деген жігітке сатып жіберген.