Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Шұғыл: Шерзат Полаттың сотында анасының жағдайы нашарлап, сот ғимаратына жедел-жәрдем келді

Бүгін сот тергеуі өтіп жатқан кезде марқұм Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бишембиеваға жедел-жәрдем келді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Шұғыл: Шерзат Полаттың сотында анасының жағдайы нашарлап, сот ғимаратына жедел-жәрдем келді
фото: видеодан скриншот

Прокурор әрбір күдіктіге қатысты айыптау актісін оқып жатыр. Сот процессінің ортасында марқұм Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бишембиеваның денсаулығы сыр бергенін айтып, соттан сыртқа сұранды.

«Далада, астында жедел-жәрдем күтіп тұр», - деді ол.

Судья Жанұзақов одан сот процессін жалғастыра беруге рұқсат сұрады.

Бишембиева рұқсатын берген соң, прокурор келесі күдіктілердің айыптау актісін оқып жатыр.