Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

«Тойымды ішіп алып жүргізді, адам менсінбейді»: Нұржан Төлендиевтің кісілігі желіде сөз болды

Желі қолданушысы танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев туралы жазды, - деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Тойымды ішіп алып жүргізді, адам менсінбейді»: Нұржан Төлендиевтің кісілігі желіде сөз болды
фото: әлеуметтік желіден

"Жақында тойға бардым. Тойда Нұржан Төлендиев ән айтып тұр. Әнді жанды дауыста айтып тұрған жоқ, фонограмма, кісілігі бар екен. Амал жоқ тұр. Адамдар суретке түсіп, өліп жатыр. Кісілігіне жаман намыстанып кеттім", - деді ол.

Сондай-ақ біздің жұлдыздарды әлемдік деңгейдегі әншілермен салыстырды.

"Джей Ло концертіне бармау керек дейді. Ол бар өнерін салып жанды дауыста айтады ғой. Біздің әншілерге қарағанда еңбегі адал", - деп жазды Threads қолданушысы. 

Желі қолданушылары біздің әншілер жұлдыз ауруына ұшырағанда шетел жұлдыздарынан асып түсетінін жарыса жазды.

"Туканың кісілігі баяғдан бар ғой, шіренгенде Қазақстанның төбесін ұстап тұрғандай", "Туканы тойымды жүргізуге шақырғанмын. Ішіп келді, ақшасын алған соң уәде берген әнін айтпа, тайып тұрды", "Сондайларды неге тойға шақырады екен", "Үнемі қолын қалтасына салып тұрғаннан-ақ білуге болады", - деп жазды олар.