Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова қиын сәтте көмектесетін жігіт жоқ екенін айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова көмек керек кезде келе қоятын адамы жоқ екенін айтып, налыды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова қиын сәтте көмектесетін жігіт жоқ екенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

37 жасын тойлап жүрген актриса келеңсіз жағдайға тап болған.

«Көлігім оталмай қалды. Әрине аккумулятор отырды. Айналадағы көлігі бар жүргізушілерден прикуритель іздеп кеттім, өкінішке қарай ешкімде жоқ боп шықты. Әдетте өзіммен алып жүретін зат қырсыққанда осы жолы болмады. Осындайда еркелеп телефон шалып, шақыратын жігіттің де жоқтың қасы», — деп жазды ол.

Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін құрбысы Дина шешіп бергенін айтып, орнынан қозғалғанын жеткізді.